Placeholder
Новости Казахстана22 июня 2023, 21:41

Баянауылда жарақат алған зейнеткерді құтқарушылар тау арасынан іздеп тапты

Баянауыл тауларына шығып, төмен түсе алмаған зейнеткерді құтқарушылар тауып алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқыс оқиға 20 маусымда болған. «Жасыбай» демалыс аймағында тауда бір адам аяғын сындырып, түсе алмай қалған соң құтқарушылардың көмегіне жүгінген. 

Оқиға орнына альпинистік жабдықтары бар 5 құтқарушы, бір техника және кинологиялық есептоп дереу жолға шықты. Олар тау арасында ер адамды іздеп тапқан кезде, ол ес-түссіз болғанын мәлімдеді. Оның таудан, биіктіктен құлаған екен. Оны байқап қалған демалушылар, дереу құтқарушыларға хабарлапты. 

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері СОБР қызметкерлерімен, Павлодар облысы ПД учаскелік инспекторларымен бірлесіп, зардап шегушіні жерден 200 метр биіктіктен қөтеретін арнайиы зембілдерді пайдаланып жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметтері табыстады. 

Анықтау барысында 1958 жылы туған ер адам миы шайқалып, іш қабырғасына зақым келген. Қазіргі уақытта ол Баянауыл орталық ауруханасына жатқызылған. 

Баянауыл Зейнеткер Жарақат

Новости по теме