Placeholder
el.kz
Новости Казахстана13 июля 2023, 15:40

Бауыржан Байбектің әкесіне 51 мың теңге айыппұл салынды

Алматы қаласының әкімі болған Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке тиісті лицензиясыз кәсіпкерлікпен немесе өзге қызметпен айналысқаны үшін 51 мың теңге көлемінде айып салынды, деп хабарлайды Arbat.media  Atameken business арнасына сілтеме жасап. 

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының отырысында экс-әкімнің әкесіне осылай айыппұл арқалады.  Бұған дейін Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты екі істі қарап жатқаны туралы белгілі болған еді. 

Сондай-ақ, Қыдырғали Байбекке ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша айып тағылып, тиісті жер құқығынсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық  немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салғандарға қатысты қозғалады деп күтіліп отыр. 

Бұдан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының бірінші бөлігі бойынша тағы бір айып тағылатыны айтылды. 

Қыдырғали Байбектің ұлы Бауыржан Байбек қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткен. Ол Алматы қаласының әкімі, "Аманат" партиясы төрағасының бірінші орынбасары секілді лауазымдарды атқарған. Ал оның әкесі зейнеткерлікке шыққанға дейін бірнеше жыл бұрын "Алматы бойынша Жолаушылар тасымалы" КМК басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.  

Бауыржан Байбек сот

Новости по теме