Новости Казахстана27 сентября 2023, 13:45

Бас прокуратура: Самат Әбіш билік өкілеттігін асыра пайдаланды деп тергеліп жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев:

С. Әбішке қатысты Қаңтар оқиғалары кезінде билік пен лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Елден кетпеу туралы қолхаты аясында оның үйінің алдында қарауыл болмайды. Ол өз үйінде тұрады. Тергеуші шақырған кезде, өзі барады. Адвокаттармен және басқа адамдармен кездесе алады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекс талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды. Бұл жайында Бас прокуратура тиісті мәліметті жариялаған болатын. Ол қазір Қазақстанда.

Самат Әбіш Бас прокуратура Тергеу

Новости по теме