Placeholder
Новости Казахстана21 декабря 2022, 23:48

Бас прокуратура өкілі Челахтың хатына қатысты пікір білдірді

Владислав Челахтың Президентке жазған хатынан кейін еліміздің Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев пікір білдірді, деп хабарлайды arbat.media..

"Арқанкергендегі" оқиғадан кейін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың Мемлекет басшысына хат жазғаны мәлім болды. Ол оқиғаның қалай болғанын ашық айтуға дайын екенін хабарлаған.

Владислав Челахтың бізге жүгінгені туралы ақпарат менде жоқ. Сондықтан дәл қазір пікір айта алмаймын. Бірақ жүгінген болса, оны пысықтап, тиісті жауабын береміз, - деді Жандос Өмірәлиев.

Осыдан он жыл бұрын мамыр айында Алматы облысының «Арқанкерген» шекара бекетінде қайғылы оқиға алған болатын. Онда әскери борышын өтеп жүрген 14 шекарашы және бір орманшы қапияда қаза тауып, олардың өліміне қатардағы жауынгер Владислав Челах кінәлі деп танылған. Кейін ол шекара бекетінен 20 шақырым жерде орналасқан аумақта қамауға алынды.

Оқиғаға қатысы бар деген айыппен В. Челах күдікті ретінде тергелді. Оған бірнеше бап бойынша айып тағылып, 2012 жылдың желтоқсан айында әскери соттың үкімі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол қазір Қостанай облысындағы «Қара бүркін» түрмесінде отыр.

"Арқанкерген" шекара бекетіндегі жағдайдан кейін еліміздің шекара қызметінде кісі өлімі көбейген еді. Сол жылы желтоқсан айының 25-і күні Ташкенттен  ұшақпен келе жатқан шекара қызметінің басшылары апатқа ұшырап, борттағы 27 адамның барлығы қаза тапқан еді.

Владислав Челах Арқанкерген шекара Хат

Новости по теме