Placeholder
Новости Казахстана28 декабря 2022, 16:45

"Барыс" шабуылшысы ресейлік құжаты үшін Қазақстан азаматтығынан айырылды

Хоккейден Ұлттық құраманың және "Барыс" клубының шабуылшысы Дмитрий Шевченко Қазақстан азаматтығынан айырылды, деп хабарлайды arbat.media.

27 жастағы спортшының есімі Ресей азаматы ретінде "Бірінші арна" кубогында аталған. Осыдан кейін жанкүйерлер бастамашы болып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласы бойынша полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына шағым түсірген. Онда Дмитрий Шевченконың қос азаматтығын тексеру туралы айтып,  ол туралы дәлелдер келтірілген. Бұл әрекет елдің қолданыстағы заңнамасын бұзу болып есептеледі.

Тексеру барысында Қазақстан Республикасының азаматы Дмитрий Шевченконың шет мемлекеттің азаматтығына (Ресей Федерациясының азаматтығына) ие екендігі анықталды. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" ҚР Заңының 21-бабының 5-тармағына сәйкес 2022 жылғы 6 желтоқсанда Дмитрий Эдуардович Шевченкоға Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, - деді Астана қалалық ПД көші-қон полициясы басқармасының басшылығы.

Осыдан кейін хоккейгі халықаралық турнирлерде Қазақстан құрамасына сапында ойнау құқығынан айырылды. Шайба.kz-тің жазуынша, алда мұндай тексерулер "Барыстың" және Қазақстан Ұлттық құрамасының басқа ойыншыларына қатысты жүргізілуі мүмкін. Себебі, олардың арасында қос азаматтығы бар спортшылар көп белгілі болып отыр. Соған қарамастан шайба шеберлері екінші азаматтықтан бас тарту туралы ойланбаған сыңайлы. 

 

Дмитрий Шевченко Хоккей Қоғам Қазақстан

Новости по теме