Placeholder
Новости Казахстана1 июля 2023, 20:52

Балқашта құрылыс басында кран құлады

Балқашта тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс краны құлады, деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Оқыс жағдай кеше сағат 14.00-де Ағыбай батыр көшесінде болғаны айтылды. Тұрғын үйдің шатырын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда құрылыс краны бір жаққа қисайып құлаған. Жергілікті әкімдік құрылыс жүгін көтеру кезінде кранның табанының астындағы топырақ сусып кеткенін атады.

«РимСтройСервис» ЖШС мердігерлік ұйымы Ағыбай батыр көшесі 18 мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 2023 жылғы 30 маусымда шамамен сағат 14:00-де профильді парақтарды осы үйдің төбесіне кранмен көтерген кезде, ауыр техниканың оң жақ артқы аутригері жылу трассасы науасының еден плитасын сындырған. Сағат 16:40-та кран қайта іске қосылды. Мердігер ұйым қысқа мерзімде зақымданған плитаны қалпына келтіреді, - деді  Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. 

Балқаш Жөндеу жұмыстары Апат

Новости по теме