Новости Казахстана7 апреля 2023, 20:51

Балқашта 4 күн ауыз су жоқ

Бүгін Балқаш халқы сусыз отырғандарына 4 күн болды. Әкімдіктің үйіп-төгіп жатқан уәделері бітер емес, деп хабарлайды Arbat.media.

Халықтың 4 күннен бері сусыз отырғанын әкімдік растап отыр. Айтуларынша бұған дейінгі ақау жөнделгенімен, су беру кезінде тағы бір тұс сыр беріпті. Бас магистралды құбырдағы ысырма ауыстырылып, резервуарға су толтыру кезінде қақпа клапаны кептеліп қалған. 

Кеше кешкі сағат 20:00-де қаладағы таза су резервуарларын толтыру жұмыстары басталды. Магистральдық құбырдағы су балғалары мен екпінін болдырмас үшін Тоқырау бас сорғы станциясынан қалалық СВР-ға біртіндеп ұлғайту арқылы су берілді. Сумен жабдықтау көлемінің кезекті ұлғаюы кезінде диаметрі 500 мм болатын қақпа клапаны кептеліп қалды. Осының кесірінен, негізгі сорғы станциясында, бұл бізге үлкен параметрлерге жетуге мүмкіндік бермей жатыр, - делінген әкімдік ақпаратында. 

Жұмысшылар қаладағы таза су резервуарларын кезең-кезеңімен толтыру жұмыстарын жалғастырып, қақпа клапанын ауыстыру жұмыстарын қолға алған. Әкімнің сөзінше бүгін кеште халыққа су берілуі тиіс.

 

Балқаш ауыз су құбыр Әкімдік

Новости по теме