Placeholder
Фото: amanatpartiasy.kz
Новости Казахстана20 июня 2023, 18:12

Балаларым биылдан бастап Қазақстанда оқиды - Саясат Нұрбек

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балаларының Солтүстік Кипрден елге оралып, енді отандық мектепте оқитынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған дейін министрдің балаларының бұрын британдық мектепте білім алғаны туралы айтылған еді. 

Олар қазір Қазақстанда. Елге келді. Мұнда қарапайым мектепте оқитын болады. Біз құжаттарды тапсырып, түрлі нұсқаларды қарастырамыз, - деді Саясат Нұрбек.

Естеріңізге сала кетейік, Саясат Нұрбек министр лауазымына тағайындалған сәттен бастап, жұртшылық оны балаларының шетелде білім алып жатқаны үшін сынға алған болатын.  Сыннан кейін Нұрбек балаларды елге қайтарып, Қазақстандағы мектепке орналастырамын деп уәде берген болатын. 

Саясат Нурбек Білім Балалар

Новости по теме