Placeholder
Новости Казахстана22 мая 2023, 15:32

Байқоңырдан екі күннен кейін зымыран-тасығышы ұшады

Байқоңыр ғарыш айлағында "Прогресс МС-23" ғарыштық жүк көлігін Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұшыруға дайындықтың соңғы кезеңі басталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бір күн бұрын "Прогресс МС-23" жүк кемесі бар "Союз-2.1а" ғарыштық мақсаттағы зымыран монтаждау-сынақ корпусынан шығарылып, Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңының ұшыру кешеніне теміржол көлігімен жеткізілген. 

Роскосмостың баспасөз қызметі  зымыран тік күйінде орнатылғаннан кейін ресейлік ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшыруға дайындықты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

"Прогресс МС-23" жүк кемесі бар "Союз-2.1а" зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2023 жылғы 24 мамырда, Астана уақытымен сағат 18 сағат 56 минутта ұшырылады деп жоспарланып отыр. 

"Прогресс МС-23" ғарыштық жүк көлігі ХҒС-қа станцияның жұмысы мен онда жұмыс істейтін ғарышкерлердің өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті 2,5 тоннадан астам жүкті жеткізуі тиіс.

Қазіргі кезде Халықаралық ғарыш станциясында 69-шы ұзақмерзімді экспедицияның экипажы жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Прокопьев (ХҒС-69 командирі), Дмитрий Петелин және Андрей Федяев, NASA астронавттары Франсиско Рубио, Стивен Боуэн, Уоррен Хобург және БАӘ астронавты Сұлтан әл-Нейади бар.

Байқоңыр Зымыран "Союз-2.1а"

Новости по теме