Placeholder
Новости Казахстана30 июня 2023, 18:50

Атыраулық тұрғын әкесін ұрып өлтірді

Атырау облысында 38 жастағы жігіт әкесін ұрып өлтірді деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға Индер ауданына қарасты Есбол ауылында болған. Аталған дерекке облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. 

Индер ауданында 21 маусым күні таңғы сағат 4:30 шамасында 1959 жылғы ер адам қайтыс болған. Зейнет жасындағы ер адамды 1985 жылғы ұлы соққыға жыққан. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,-деді ПД баспасөз қызметі.

Күдіктінің мұндай әрекетке бару себебі әзірге айтылмады. 

 

 

Атырау облысы полиция Төбелес

Новости по теме