Placeholder
Новости Казахстана31 мая 2023, 14:45

Атырауда жүк көлігі ойын баласын қағып өлтірді

Атырауда жүк көлігі көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар баланы қағып кетіп, зардап шегуші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы 30 мамырда жергілікті уақытпен сағат 19:20 шамасында орын алғанын мәлімдеді. 

Атырау қаласының Жұлдыз-2 шағынауданында КамАЗ жүк көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар баланы қағып кеткені анықталды. Көлік қаққан бала оқиға орнында мерт болды. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты іс-құжаттар жинақталып жатыр, - деп жазылған облыстық ПД таратқан ақпаратта. 

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу жұмыстарын жалғасып жатыр. Осы ретте полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезеңі жақындағандықтан ата-аналарға балалар қауіпсіздігін қадағалауды ескертіп отыр. 

Атырау облысы өлім Жол апаты

Новости по теме