Placeholder
Новости Казахстана13 июля 2023, 21:56

Атырауда кәріз құдығына құлаған екі жұмысшы оқиға орнында қайтыс болды

Атырау облысында қайғылы жағдай орын алып, кәріз құдығына құлаған 2 жұмысшы бақилық болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Адам өлімімен аяқталған оқыс оқиға бүгін Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде болды. Бұл деректі «Жылыой Су» мекемесі растап, қос жұмысшының өмірі үзілгенін мәлімдеді. 

Бүгін Жылыой ауданында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Жылыой Су» мекемесінің 2 жұмысшысы кәріз құдығында қаза тапты. Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы жағдайды тексеру бойынша арнайы комиссия құрды, - деді  коммуналдық мекеме басшылығы. 

Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нариман Өтешов жұмысшылардың құдыққа құлағаны туралы хабар таңертең түскенін атады.  

Кәріз құдығының тереңдігі - шамамен 7-8 метр. Екі жұмысшы жөндеу жүргізу кезінде құдыққа құлап кеткен. Жөндеу жұмысына негізінен 5 адамнан тұратын бригада тартылған еді. 

 

өлім Атырау облысы

Новости по теме