Новости Казахстана24 мая 2023, 17:22

Атырау облысында екі ай ішінде броконьерлерден 7,5 тонна бекіре тәркіленді

Жайық-Каспий бассейнінде "Бекіре – 2023" кең ауқымды акциясы басталғаннан бері браконьерлерден 7,5 тоннадан астам балық тәркіленді, деп хабарлайды Arbat.media.

Балық шарушалығы комитеті баспасөз қызметі оның ішінде 770,25 келі бекіре, 29,5 келі қара уылдырық барын атады. Аталған акция 1 сәуірде басталып, содан бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары Шекара қызметінің және құқық, табиғат қорғау органдары қызметкерлерімен бірге заңсыз балық аулауға қатысты 754 деректі анықтап отыр. Сондай-ақ, құқық бұзған 518 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Браконьерлікке, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балық түрлерін заңсыз аулауға байланысты 28 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушыларға 11,1 млн теңгеге айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 7 тонна 534 келі балық, оның ішінде 770,25 келі бекіре тұқымдас балық түрлері, 29,5 келі қара уылдырық алынды. Браконьерлерден 257 балық аулау құралы, 62 су көлігі мен 12 автомашина тәркіленді. Балық ресурстарына 400 млн теңгеден астам залал келтірілді, - деді комитеттің баспасөз қызметінегілер. 

Қазіргі уақытта Жайық өзені мен Каспий теңізінің аумағында жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асатын 663 заңсыз балық аулау құралы табылғаны белгілі болды. Ал аталған акция мамыр айының соңына дейін жалғаспақ. 

 

Бекіре Жайық Каспий

Новости по теме