Placeholder
Новости Казахстана4 июля 2023, 14:42

Ата-аналардың салғырттығынан бір аптада 8 бала терезеден құлады

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлі ата-аналардың салғыр қарауына байланысты балалардың терезеден құлауы көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Статистикалық дерек бойынша, жыл сайын жаз шыға бастағанда балалардың терезеден құлауы сынды оқыс оқиғалардың жиілеуі байқалған. Бұл жағдайда ең үлкен қауіп заманауи терезелерге орнатылған арнай москит торларынан болып отыр.

Мәселен, өткен аптада терезеден құлау оқиғасына қатысты 8 жағдай болған. Оның ішінде Астана қаласында үш жасар бала 17 қабаттан құлап қайтыс болған.

Терезеден құлаған кезде балалар ұзақ мерзімді емдеу мен қалпына келтіруді қажет ететін ауыр жарақат алады. Тіпті, олардың кейбірі мүгедек болып қалса, көп жағдайда оқиға орнында немесе ауруханаға барар жолда қайтыс болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі азатайым оқиғалардың алдын алу үшін осы ережелерді ескертеді:

  • баланың терезені өз бетінше ашуына кедергі келтіретін терезелерге блакираторлар орнату;
  • бала терезеге көтеріле алатын жиһазды терезелердің жанында қалдырмаңыз;
  • терезеде тиісті қорғауы жоқ арнайы москит торларын пайдаланбаңыз (бала алда кейбір кедергілерді көрмейді, оған сенімді түрде сүйенеді және баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін);
  • баланы ересектердің қарауынсыз, терезелері ашық жерде, сондай-ақ оларды өздері аша алатын жерде қалдырмаңыз;
  • балаларға ашық терезенің қауіпті екенін түсіндіріңіз, москит торға сүйенуге болмайтынын ескертіңіз. Балалар терезенің жанында тұрып, оған көтерілуге тырысқанда, қауіп туралы үнемі еске салуы керек.

 

 

Терезеден құлау ТЖМ Оқыс оқиға

Новости по теме