Новости Казахстана24 мая 2023, 17:48

Асхат Аймағамбетов соңғы қоңырау уақытының өзгеруіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздің мектептеріндегі соңғы қоңыраудың шегерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

El.kz-тің жазуынша, депутатқа БАҚ өкілдері оқу жылының ұзарғаны, соңғы қоңыраудың шегерілгені оқушылардың біліміндегі олқылықтарды түзеуге мүмкіндік беретінін, алайда оқушылар мектепке кітаптарын өткізіп тастағанын айтқан. 

Оқулық жинаса, бұл сұрақты маған қоймау керек. Бұл сұрақты Білім министрлігіне қою керек. Онда білімді, білікті кадрлар, қызметкерлер жеткілікті. Бұл мәселелермен әріптестеріміз айналысып, дер кезінде шешетініне сенімдімін, - деп жауап берді депутат.

25 мамырла соғылатын соңғы қоңыраудың 1 маусымға ауысуына байланысты ата-аналар да наразалықтарын білдірген еді.

Біздің жұмыста тек бізге ұнайтын, барлығы қол соғатын шешімдерді қабылдамауымыз керек. Егер олай болатын болса, бұл тек популизм болмақ. Сонымен қатар біз ұнамайтын, мүмкін қазіргі уақытта түсінбейтін, бірақ елге, балаларға қажет болатын шешімдерді қабылдай білуіміз керек, - деп түсіндірді ол. 

Асхат Аймағамбетов депутат соңғы қоңырау

Новости по теме