Новости Казахстана24 апреля 2023, 19:49

Астанада мұнара кранына шыққан адам талабы орындалмаса өзін өртеп жібермек

Астанада кран мұнара кранына шығып, талап қойды, деп хабарлайды Arbat.media.

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі кеген. 

24 сәуірде сағат 11:39-да «102» арнасына ер адам мұнара краны үстіне шығып кеткені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жіберілді. Қоғамдық тәртіпті бұзған адамның әрекетінің себебі анықталып жатыр, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі, - деді департаменттің баспасөз қызметі. 

Алдын ала айтылған болжам бойынша, аталған ер адам Солтүстік Қазақстан облысындағы 220 гектар жер теліміне қатысты туындаған жер дауы бойынша сот шешімімен наразылық білдірген.  

2021 жылдың желтоқсанында отбасы әкімдік оларды жер теліміне құқығынан айырып, оны 30 жыл мерзімге сол жеке кәсіпкердің пайдалануына бергенін білген. Енді ер адам Астанаға «әкімдіктің жеке кәсіпкерге жерді 30 жыл мерзімге жалға беру туралы шешімін заңсыз деп тану, сонымен қатар келтірілген шығынды өтеу» талабымен келіп отыр. 

Шағымданушы  бүгін сағат 18:00-ге дейін шарттарды орындауды талап етуде. Егер оның айтқанын қанағаттырмаса, "өзімді өзім  өртеп жіберемін" деп отыр.     

 

Астана Кран СҚО Талап

Новости по теме