Новости Казахстана23 июня 2023, 17:46

Астанада көпқабатты үйдің лифтісінде кішкентай қызға тиіскен ер адам ұсталды

Астанада көпқабаттың үйдің лифтісінде кішкентай қызға тиіскен 40 жастағы күдікке ілінген азамат бірнеше күннен кейін ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media 

Бұған дейін әлеуметтік желіде кішкентай қызға тиіскен сәт туралы бейнежазба тараған еді. Онда тұрғынүйдің лифтісінде кішкентай қызбен жалғыз қалған ер адамның оған тиіскені байқалады. Алайда лифт тоқтап, есіктерін ашылғанда қыз бала сыртқа шығып кетеді. 

Осыдан кейін кешенде шараны қолға алған Астана полициясының қызметкерлері 40 жастағы ер адам анықтап, оны бөлімге жеткігенін мәлімдеді. 

Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында лифтіде ер адамның кішкентай қызды зорламақ болған деген видео анықталды. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу), 440-бап(Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша жауапкершілікке тартылды. Баланың заңды өкілдерінен арыз келіп түсті, - деді полиция басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

 

полиция Қоғам Астана

Новости по теме