Placeholder
Новости Казахстана26 мая 2023, 18:55

Астанада белгілі желаяқ Марат Жыланбаев қамауға алынды

Астана қаласында Марат Жыланбаев екі айға қамалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Астана соттарының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, белгілі спортшыны 2 ай мерзіміне күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы бекітіліп отыр. 

Сот күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берді. 2023 жылғы 25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Жыланбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады", - деп жазылған қалалық соттың ақпаратында. 

 Марат Жыланбаев қоғамдағы оқиғаларға қатысты үнемі пікір білдіріп, 

Ол әлемдегі барлық ірі шөлдерді, оның ішінде Азия, Африка, Аустралия  және Америкада сусыз құмды аймақтарды жүгіріп өткен. Оның орнатқан рекордтары ішіндегі ең аз қашықтық 1200 шақырымды құрайды. 

Марат Жыланбаев халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ультрамарафоннан халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері атанған. Гиннестің рекордтар кітабына енген 7 әлемдік марафон рекордын орнатқан жеңіл атлет. 

Марат Жыланбаев Қамау сот

Новости по теме