Placeholder
Фото: depositphotos
Новости Казахстана20 июня 2023, 18:00

Астанада банкке басып кірген күдікті 2 айға қамауға алынды

Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Kaspi Bank бөлімшелерінің бірінде кепілге алынған күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Arbat.media.

Астана сотының мәліметінше күдікті Әлихан Мұрадов 2 айға қамауға алынған.

20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мұрадовқа қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 18 маусымда қарулы адам банк бөлімшесінде бірнеше қызметкерді кепілге алып, оларды ататынын айтып қорқытқан болатын. 

Астана Күдікті Сот шешімі

Новости по теме