Новости Казахстана7 апреля 2023, 22:45

Астанада алты көлікті соғып кеткен жүк көлігінің жүргізушісін іздестіріп жатыр

Астана қаласының полиция департаменті көліктерді соққан жүк көлігі жүргізушісінің оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгін таңертең әлеуметтік желіде Астанада көшеде тоқтап тұрған көліктердің соғылғаны түсірілген видеолар пайда болды. Астана полиция департаментінің хабарлауынша, КамАЗ жүргізушісі тоқтап тұрған алты көлікті қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

7 сәуірде таңғы сағат 08:20 шамасында К. Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай келе жатқан "КамАЗ" жүргізушісі тоқтап тұрған 6 көлікті қағып кеткен. Бірнеше метр жүргеннен кейін ол көліктен түсіп, оқиға орнынан кетіп қалған, - деді елордалық полицейлер.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

 

Астанадағы полиция департаменті өкілдері қазіргі уақытта жүргізушінің тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатынын атап өтті.



 

 

Астана полиция Көлік жүргізуші

Новости по теме