Placeholder
Новости Казахстана26 июня 2023, 16:10

Астана маңындағы қамыс өрті бірнеше күннен кейін толық сөндірілді

Астана іргесінде жанып жатқан қамыс өрті бірнеше күн өткен соң зорға сөндірілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Тілсіз жаудың ауыздықталғаны туралы ТЖМ мәлімдеді. 

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен Талдыкөл көлінің ауданында 80 га алаңдағы сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөптің жануы бүгін сағат 11.22-де толық сөндірілді, деп жазылған хабарламада. 

Бұған дейін Астана маңындағы өрттің салдарынан қаланы түтін басып, тұрғындарға қолайсыздық тудырған еді. Кейін ТЖМ жағдайды бақылауға алғаны белгілі болды. Жазықтағы өртті сөндіруге жердің батпаққты болуы кедергісін келтірген. Соның салдарынан өрт аумағы кеңейіп, 80 гектар алқапты отқа орады. 

Астана Қамыс өрті Қоғам

Новости по теме