Placeholder
Новости Казахстана24 января 2023, 16:02

Арыстанбек Мұхамедиұлының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Арыстанбек Мұхамедиұлының Ұлттық мұражайда орынбасары болған Алмаз Нұразханды 2 айға қамауға алды, деп хабарлайды Arbat.media

Антикор Мәдениет және спорт экс-министрі, Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді. 

Тергеу барысында ол басқалармен келісіп, "Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі" халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыруға қатысқан Ұлттық мұражай директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан қамауға алынды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынып отыр. 

Музей директорының бұрынғы орынбасары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотиптің авторы. Ол әр жылдары Мәдениет және спорт министрлігінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, Мемлекеттік алтын және қымбат металдар мұражайын басқарды, Қазақстан халқының рухани даму қорының президенті міндетін де атқарған. 

Қамау Арыстанбек Мұхамедиұлы Музей Тергеу

Новости по теме