Placeholder
Новости Казахстана20 января 2023, 15:55

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау уақыты ұзартылды

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі сот шешімімен бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәдениет және спорт министрі болған Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімінің тағы бір айға созылғанын мәлімдеді. 

17 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты, - делінген хабарламада.

Арыстанбек Мұхамедиұлы2022жылдың 28 мамырында қамауға алынған болатын. Оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған еді. Ол 2019 жылы Ұлттық музей директоры болып тағайындалған болатын. Сондай-ақ, 2014-2019 жылдар аралығында еліміздің Мәдениет және спорт министрлігін басқарды. 

 

Арыстанбек Мухамедиулы Қамау сот Экс-министр

Новости по теме