Placeholder
Новости Казахстана29 июня 2023, 19:35

Ақтөбеде жеңіл көлікке соғылған скутердің 17 жастағы жүргізушісі қайтыс болды

Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутердің соқтығысуы салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Кеше Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылының бойында Нұр-Ғасыр мешітіне қарама-қарсы Ваз 21103 автокөлігі мен кәмелетке толмаған баланың басқаруындағы скутер соқтығысқан оқыс оқиға тіркелді.

Соның салдарынан скутердің 17 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласының балалар ауруханасына жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды. ал скутердің жолаушысы 19 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Ақтөбе Жол апаты өлім

Новости по теме