Новости Казахстана21 апреля 2023, 19:19

Ақтөбеде өрт кезінде екі бала қайтыс болды

 Ақтөбеде үйден өрт шығып, 4 және 10 жастағы екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.  

 Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жау бүгін таңғы сағат 04:08-де тіркелген. Ақтөбе қаласы Алматы ауданындағы Жангелдин көшесіндегі жеке тұрғын үйдіен от шығып, өрт сөндіру қызметі шақырылған.

Шақырту орнына өрт сөндірушілер барған кезде жеке үйдің ас бөлмесі және кіреберіс бөлмесі өртеніп, шатырға ұласқаны анықталды. Өрт кезінде 2013 және 2019 жылы туған 2 баланың денесі табылды. 1954 жылы туған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Барлығы үйде 5 адам болған. Өрт сағат 04:41-де оқшауланып, 04:49-да сөндірілді. Өрттің ауданы - 40 шаршы метр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Наурыз айында Шығыс Қазақстан облысында өртенген үйден 3 адамның мәйіті табылған болатын

Ақтөбе Өрт Қаза Төтенше жағдай

Новости по теме