Placeholder
Новости Казахстана17 марта 2023, 16:28

Ақтөбеде кәсіпкерді бопсаламақ болмақ топ қолға түсті

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Күдіктілер қорқыту арқылы бір неше рет кәсіпкерден 2 миллион теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны белгілі болды. Polisia.kz-тің жазуынша, бопсалауға барған топтан қаржының бір бөлігі тәркіленген. 

Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілердің үшеуі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, қамауға алынды, деді ІІМ баспасөз қызметі.

 Бұған дейін ІІМ он адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін Қызылорда облысында қолға түсірген еді. Олардың күзет қызметінде өздері ықпалын жүргізетін аумақтарды бөліске салу үшін бірнеше рет қылмыстық қақтығыстарға қатысқаны анықталған болатын. 

Ақтөбе облысы Ақша бопсалау Қоғам Қылмыс

Новости по теме