Placeholder
Новости Казахстана28 февраля 2023, 15:29

Ақтөбеде әкімдіктің жоғалып кеткен қызметкері табылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен облыс әкімдігі қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

46 жастағы әйелді такси жүргізушісінің пышақтап өлтіріргені анықталып отыр. Үш күн бұрын жоғалған Жанна Мұратқалиеваға жақындары іздеу жариялаған болатын. Іздестіру кезінде марқұм отырған отырған көлік анықталып, иесі қолға түсті. Өңірдің мәдениет басқармасы бас маманының мәйіті сол көліктен табылып отыр.

Полицияның тексеруі кезінде 29 жастағы күдікке ілінген азамат марқұмды аяусыз ұрып-соғып, соңынан пышақтатағанын мойындады. 

Көлігінде пышақпен жарақаттаған зорлық белгілері бар. Жоғалған әйелдің мәйіті табылды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, кісі өлтіру бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды, - дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облысы өлім Әкімдік Қоғам

Новости по теме