Новости Казахстана17 апреля 2023, 17:53

Ақтөбе облысында жеті ауданда жарық жоқ

Ақтөбе облысында 14-17 сәуір аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 аудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Муздыбаевтың айтуынша Шалқар ауданында электрмен жабдықтау қалпына келтірілген, ал Мәртөк ауданындағы 20 елді мекенде әлі жарық жоқ. Ырғыз ауданындағы 3 елді-мекенде жұмыстар әлі жалғасуда.

Қобда ауданында бір елді мекенде электрмен жабдықтау жоқ. Хромтау ауданында алты елді мекенде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мұғалжар ауданында бір ауылда электр қуаты жоқ. Жұмысқа 50 бригада тартылды, олардың саны 217 адам және 66 бірлік техника, - деді ол.

Ақтөбе облысы Жарық Ауа райы Қобда ауданы

Новости по теме