Placeholder
Новости Казахстана29 марта 2023, 22:01

Ақтөбе облысында шетелдік отбасы жол апатынан қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік отбасы қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media

Ақтөбе-Астрахань автожолындағы Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігімен жеңіл көлік соғылып, Ресей азаматтары қайтыс болды.

Жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан бас жолға шығып, Datsun автокөлігімен соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және оның 49 жастағы әйелі, Ресей Федерациясының азаматтары оқиға орнында қайтыс болды, деді Байғанин ауданы полиция бөлімінің бастығы Берік Айсин. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Бүгін таңертең Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қайтыс болған еді. Самара-Шымкент автожолының 1001 шақырымында Mercedes және Volvo жүк көліктері соғылған. Соның салдарынан бір көлік отқа оранды. 

Сонымен бірге, Қарағанды қаласында күндіз эвакуатор көлігі жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып өлтіріп, жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. 

Ақтөбе облысы Жол апаты өлім

Новости по теме