Placeholder
Новости Казахстана15 июня 2023, 9:01

Ақтауда жасөспірімге футбол қақпасының қалай құлағаны белгілі болды

Ақтауда футбол ойнап жүріп құлаған қақпа астында қалған жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, жасөспірім 20 мамыр күні Ақтаудағы 7 шағынаудандағы №9 мектеп жанындағы футбол алаңында достарымен футбол ойнап жүріп оқыс жағдайға тап болған. 

Ойын кезінде ауыр металлды қақпа құлағаннан кейін жігіт есін жоғалтқаны белгілі болды. Оның достары баланың анасына телефон соғып, зардап шегушіні облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. 

Есін біліп, сөйлеп тұрған, есте сақтау қабілетінің аздап төмендеуі және бас жарақаты болды. Бір аптадан кейін жазылды, бірақ 30 мамырда инсульт алып, жансақтау бөліміне түскен. Содан бері әлі есін жимапты. Қазір оны комадан шығарудың барлық жолын іздеп жатырмыз, – деді зардап шеккен жасөспірімнің туысы. 

Туыстарының айтуынша, облыстық балалар ауруханасындағы реаниматолог демалысқа кеткен көрінеді. Қазір ол тек онлайн кеңес береді. Ауруханада басқа реаниматолог мамандар жоқ. 

Біз Астанадан санитарлық авиациямен балалар реаниматологының жіберуін сұрадық. Бірақ бізге Абай облысындағы өртке байланысты бүкіл санитарлық қызмет бос емес екенін айтты. Тек сенбіде келе алады. Бұл өте ұзақ уақыт. Ересектер ауруханасынан да дәрігер сұрады, бірақ олар ешқандай кеңес бермеді. Біз не істерімізді білмей отырмыз», - дейді жасөспірімнің жақындары. 

футбол Жансақтау Ақтау

Новости по теме