Placeholder
Фото: фотографтың жеке парақшасынан
Новости Казахстана26 сентября 2023, 15:06

Ақтауда танымал фотограф жоғалып кетті

Ақтауда танымал фотограф Бауыржан Асылбаев жоғалып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы lada.kz хабарлайды. 

Ер адамды іздеу жұмыстарын Lider.kz қозғалысының еріктілері жүргізіп жатыр.

Олардың мәліметінше, Бауыржан Асылбаевты соңғы рет өткен жұма күні, 22 қыркүйек кешінде 8-шағынаудандағы №7 үйдің жанынан көрген. Ол иығына жолдорба іліп алған.

Белгілері: бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі орташа.

Ер адам сұр түсті спорттық күртке, джинс шалбарын, кроссовка киген.

Іздеу жарияланған ер адам туралы қандай да бір ақпарат болса, мына телефон нөмірі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(700)499-72-92.

Белгілі болғандай, Бауыржан Асылбаев Ақтауда кәсіби фотограф болып жұмыс істейді.

Ақтау Бауыржан Асылбаев жоғалып кетті фотограф

Новости по теме