Placeholder
Новости Казахстана29 мая 2023, 16:20

Ақтауда сусыз қалған тұрғындар Ноғаевтың атын үйдің төбесіне жазып қойды

Ақтаудағы кейбір шағын аудандарда судың болмауына байланысты тұрғындар облыс әкімінің есімін үйдің төбесіне жазып қойды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаланың 4 шағын ауданындағы №5 үйдің тұрғындары "Ноғаев мырза, су қайда?"  деп жазып қойды. Мұндай жазуды енді 4 шағын аудандағы 50 үйдің   тұрғындары да жазып қоюды көздеп отыр.  

"Ауыз су бізде мүлдем жоқ! Түнде техникалық су береді. Бірақ оған жуына алмаймыз. Кішкентай баланың жаялығын  жуатын да су жоқ. Ал үлкен балалармен біз екінші айдан бері басқа жаққа барып  жуынуға мәжбүрміз. Ішетін ауыз суды сырттан тасып әкелеміз", - деп жазды тұрғындар облыс әкімдігінің телеграм арнасында.

"КЖСА" МКК болса аталған мекенжай бойынша ауыз судың ажыратылмағанын айтып отыр.   

Судың болмау себебін анықтау үшін пәтердің нөмірін көрсетуді сұраймыз, комиссиялық тексеру жүргіземіз", - деп жауап берді аталған мекеме.

Бұған дейін Ақтау қаласында ауыз су кейбір шағын аудандарда тоқтатылған еді. Алайда жауапты мекемелер оның себебін жөндеу жұмыстарымен байланыстырды.

Нұрлан Ноғаев Ақтау ауыз су

Новости по теме