Placeholder
Новости Казахстана3 июля 2023, 3:02

Ақтауда орта жастағы әйел 9 қабаттан секіріп қайтыс болды

Ақтауда 8 шағын аудандағы көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 48 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2 шілде сағат 13:00 шамасында болған. Полицияның 102 кезекші пультіне әйелдің 8-шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінің 9-қабатынан секіргені туралы шақыру түскен көрінеді. 

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыруға барды. Оқиға орнынан тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұлд дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді, деп жазылған ПД таратқан ақпаратта. 

Бұдан өзге ақпарат әзірге тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіні айтылып отыр. 

Ақтау суицид секіру

Новости по теме