Placeholder
Новости Казахстана1 декабря 2022, 22:33

Ақтауда автокөлік 6 жасар екі қызды басып кетті

Ақтауда 29 қарашада болған жол апаты кезінде "Nissan X-Terra" автокөлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кішкентай екі қызды басып кетті, деп хабарлайды arbat.media.

Жолдан өтіп бара жатқан кезде 5 және 6 жастағы балалардың бірінің анасы болған. Алайда келе жатқан көлік жылдамдығын түсірместен оларды басып, өте шықты. Қайғылы оқиға кезінде екі жасөспірім бірден Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Маңғыстау облысы полиция департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша  іс қозғады. Қазір осыған байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.  

Бейресми дерек бойынша, жол апатына түскен баланың біреуі қайтыс болған. Ал екіншісі қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатқан көрінеді. 

 

Маңғыстау облысы Ақтау Жол апаты өлім полиция

Новости по теме