Новости Казахстана28 апреля 2023, 20:34

Ақмарал Науатбек пара дзюдодан Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ақмарал Науатбек пара дзюдодан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды  Arbat.media.

Отандасымыз Астанадағы сында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, финалға шыққан болатын. Еліміздің пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмарал көзі нашар көретіндер санатында бақ татамиге шыққан. 

Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болдым. Мақсат – өз елімізде өтіп жатқан әлемдік жарыста алтын алып, әнұранымызды шырқату болатын. Өкінішке қарай, өз қателігімнен қолда бар алтыннан айырылып қалдым. Маған үміт артқан барша жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Бұл менің әлем чемпионы ретінде қатысқан алғашқы жарысым еді. Осы қателігімнен сабақ алып, келесі жарысқа аянбай еңбек етемін. Дзюдодағы басты мақсатым – Паралимпиада ойындары. Бар күш-жігерімді осы мақсатымды бағындыруға арнаймын, - деді Ақмарал Науатбек.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Лобар Хурромова чемпион атанса, Кокила (Үндістан) мен Юи Фужиуара (Жапония) қола жүлдеге қол жеткізді. 

Астанағы Азия чемпионатының белдесулері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Бұған дейін пара дзюдодадан Азия біріншілігінің өтетіні туралы жазған болатынбыз. 

Ақмарал Науатбек Пара дзюдо Күміс

Новости по теме