Новости Казахстана13 июля 2023, 15:02

Антикор үш облыста білім саласындағы жемқорлыққа

Жетісу облысында бюджет қаражаты «өлі жандардың» шоттарына ақша аудару және мектеп қызметкерлерінің жалақысын асыра есептеп, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдыру мен иемдену арқылы ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Тергеу барысында Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге сомасында пара алғаны әшкереленіп отыр. Ол Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін пара алғаны белгілі болды.  Қазіргі уақытта аудитор сотқа тартылған.
 
Осыған ұқсас дерек Алматы облысында да анықталды. Онда өңірлік тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданының білім бөлімінің бухгалтерінен аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 млн теңге сомасында пара алғаны анықталған. Аталған дерек бойынша Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
 
Бұдан бөлек, Түркістан облысында мемлекеттік ревизор облыстық Тексеру комиссиясының бас инспекторы парақорлықпен әшкереленді. Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. 

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды. 

Новости по теме