Placeholder
Фото: informburo.kz
Новости Казахстана1 июня 2023, 16:12

"Алтын Орда" базарында 300-ден астан заң бұзушылық анықталды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте республикадағы ірі сауда орны
«Алтын Орда» базары жұмысының өзекті мәселелері қаралды,
деп хабарлайды Arbat.media.

Базарда 5 мыңнан астам сауда орны бар, оған күніне шамамен 50 мыңдай сатып алушы келіп-кетеді екен. Базар Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көкөніс, ет өнімдері мен жемістердің көтерме саудасының 40%-ын және бөлшек саудасының 70%-ына дейін қамтып отыр.  

Күнделікті өнімнің үлкен ағынын ескере отырып, базарда аймақтық ауқымда бақыланбайтын олигополия құрылатын болды. Бас прокуратура және мемлекеттік органдармен тексеру нәтижесінде санитариялық, ветеринариялық, экологиялық, су, еңбек, сәулет-құрылыс, өртке қарсы, салықтық бақылау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласында 300-ден астам ҚР заңнамасы нормаларын бұзушылықтар анықталды, - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Алматы облысы әкімдігінің деректері бойынша анықталған заң бұзушылықтар ішінара жойылған. Сонымен қатар кәсіпкерлер тарапынан бизнес жүргізуге қолайсыз жағдайлар туралы шағымдар саны артқан, бұл сайып келгенде тауарлар бағасының негізсіз өсуіне алып келіп отырған көрінеді. 

Премьер-Министр «Алтын Орда» базарының қызметін ретке келтіру және бағаны қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ оның аумағында барлық заң бұзушылықтар толығымен жойылғанға дейін прокуратура, ішкі істер органдары, БҚДА, ҚМА және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құралған тұрақты мобильдік топ құру тапсырылды.

 

Алтын Орда Базар Алматы

Новости по теме