Placeholder
krisp.original
Новости Казахстана7 сентября 2023, 10:01

Алматыда жүргізушісі жоқ автобус апатқа ұшырады

Алматы қаласында рульде жүргізушісі жоқ автобус артқа жүріп кетіп, бірнеше көлікті соғып, одан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы ПД мәліметінше, кеше Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысына № 79 қоғамдық көлік жол жиегінде тұрып, батыс бағытқа қарай қозғалып, төрт көлікке соғылған.

«Жолдағы апаттан Киа маркалы көліктің жолаушысының денесі жараланды. Осы уақытта автобустың жүргізуші көліктің ішінде болмаған. Бұл оқыс оқиғаны Бостандық ауданы полиция басқармасы өндіріске алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр»,- деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы автобус Оқыс оқиға жүргізуші

Новости по теме