Placeholder
Фото: © instagram/volontery_almaty_lider.kz
Новости Казахстана2 октября 2023, 11:15

Алматыда жоғалып кеткен екі ер адамның денесі табылды

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адамның өлі денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады.

Із-түзсіз жоғалған алматылықтар өлі күйінде табылды.

Екеуін де полицейлер мен еріктілер іздеген болатын.

Ер адамның бірінің денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылды.

40 жастағы Жарқын Арғымбеков қыркүйектің 28-і күні түсте жоғалып кеткен.

Ол ақ түсті «Мицубиси» көлігімен Ащыбұлақ ауылынан шығып кетіп, хабарсыз кеткен.

Оның денесі 1 қазан күні табылды.

31 жастағы Равиль Териянов 29 тамыз күні сағат 18:30-да «Айнабұлақ-2» шағын ауданындағы үйінен шығып кетіп, отбасы оны сол бойы көрмеген.

Ер адамның мәйіті Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың бірінің шетінен зорлық-зомбылық белгілерімен табылды.

Кісі өлтірді деген күдіктілер анықталып, қамауға алынды.

Алматы Қылмыс Жоғалған адам

Новости по теме