Placeholder
Новости Казахстана10 января 2023, 16:37

Алматыда төбелескен олигархтың балаларына қатысты іс тергеліп жатыр

Алматыда клубта сөзге келген олигархтардың балаларының  арасындағы төбелеске қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media

Желіде кеңінен таралған бейнежазбада Алматыдағы караоке-бардың бірінде ер адамдардың арасында жанжал туындаған. Ал олардың арасында түсініспеушіліктің туындауына еліміздегі белгілі кәсіпкердің ұлдары мен оққағалары ұлдары себеп болуы мүмкін.

Бұл дерек қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Төбелескендер анықталып, жауап алынды. Қақтығысқа қатысушылардың алған жарақаттары мен қылмыстың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, - деді ІІМ ресми телеграм-арнасында. 

Қазір аталған қылмыстық істі Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. Arbat.media. бұған дейін Алматыда төбелескен туралы жазған болатын. Онда клуб ішінде төбелескендер бейнебақылау камерасына түсіп қалған еді. 

Алматы Төбелес Қоғам Олигарх

Новости по теме