Новости Казахстана12 апреля 2023, 13:29

Алматыда көлік 16 жастағы жігітті қағып кетті, жасөспірім көз жұмды

11 сәуір күні Алматы көшелерінің бірінде көлік жүргізушісі қызыл белгіге тоқтамай, жасөспірімді қағып кетті. 16 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media Алматы қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

16 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның туыстары жүргізушіні ұрып-соғып, оның көлігін сындырған. Өлім апатына күдікті ұсталды.

ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде жүргізуші ӘТҚ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша басталды, – деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қылмыстық іс қозғалды.

Алматы полиция департаменті жүргізуші Қылмыстық іс

Новости по теме