Новости Казахстана6 июня 2023, 14:22

Алматыда элиталы топқа эскорт қызметін көрсеткен топ ұсталды

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі “жабық” топтарды анықтап, Алматы қаласында қалталы ер адамдар үшін интимдік және “эскорт-сүйемелдеу” қызметтерін көрсететін модельдік келбеті бар қыздардың қатысуымен “жеке” кештер ұйымдастырылған, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері көліктегі полиция департаментінің ҰҚҚКБ-мен бірлесіп, сол топтардың ұйымдастырушысы мен әкімшісі – 25 жастағы алматылық қызды ұстады.

Оның ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқаны анықталды.  Ол қыздарға “демеушілерді” табуға, әлемді көруге және өмірін жеңілдетуге уәде берген. Топқа кіру 300 АҚШ долларын құраған. Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін күдікті клиенттен түскен ақшаның 40%-ын өзіне алып отырған. Ал ақшаның қалған бөлігін қызмет көрсеткен қыздар алған.

“Кездесудің” құны бір сағат үшін 500 мың теңгеден басталып, әртүрлі жоғары бағаға белгіленген. Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп, деректерді талдау нәтижесінде күдіктінің 2022 жылғы қаражат айналымын анықтап, ол 209 млн теңгеден астам соманы құраған.

Төсек бизнесін ұйымдастырушы өз қызметін жасырып келген. Оның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 100 мыңнан астам оқырманы бар табысты модель әрі блогер ретінде көрсеткен. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген. Тінту барысында күдіктіден қылмыстық “бизнес” туралы жазбалары бар күнделік, жаңа және сатып алынатын жылжымайтын мүлікке құжаттар, ақ түсті ұнтақ заттың қалдықтары бар қалта айнасы, есірткі заттарын тұтынуға арналған оралған ақша, Lexus ES 250 және Toyota Camry 70 маркалы автомашиналар, сондай-ақ салмағы 1,72 грамм болатын “мефедрон” табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар жезөкшелікпен айналысу үшін осы “жабық” топтарда тұратын “элиталық эскортшылар” полиция бөліміне жеткізілді. Прокуратура келісімі бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабымен “Жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық” және 297-бабымен “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау” сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, - деді ІІМ баспасөз қызметі.

Алматы Эксорт Қоғам

Новости по теме