Placeholder
Новости Казахстана28 сентября 2023, 23:00

Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған еркек сотталды

Алматыда әйелді бауыздап, басын базарға тастаған еркек сотталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тергеу органы оған ҚР ҚК-нің 99 бабы екінші бөлігінің 5 - тармағы бойынша, яғни асқан қатыгездікпен қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша айып тақты.

«Алқабилер мен сот үкіміне сәйкес И. асқан қатыгездікпен қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейді»,- деп хабарлады Алматы соты.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жантүршігерлік оқиға биыл көктемде болған. Алматыдағы базарлардың бірінен пакетке салынған бас табылып ел шулап еді. Марқұм 1976 жылы туған әйел. Бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Оның денесі базар жанындағы қараусыз ғимараттың маңынан табылды. Айуандыққа барған қаскөйді полицейлер екі аптаға жеткізбей қолға түсірді. Тергеу де үш айдан асқан жоқ.


 

Алматы соты әйел бауыздаған сот

Новости по теме