Placeholder
Новости Казахстана29 декабря 2022, 18:19

Алматы облысының әкімдігі бұрынғы казино ғимаратына орналасты

Биыл Алматы облысы екіге бөлінгеннен кейін орталығы Қонаев қаласына көшірілгені белгілі. Енді облыс әкімдігінің қызметкерлері бұрынғы казино ғимаратында жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды arbat.media.

Қонаевтағы "Royal Plaza" ойынханасы тамыз айында облыс әкімдігіне жалға берілетіні мәлім болған еді. Кейін оған жөндеу жұмыстары басталғаны айтылды. Ұзаққа созылған қайта қалыпқа келтіру жұмысынан кейін Алматы облысының әкімдігі енді бұрынғы казино нысанына орналасты.

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, жалпы ауданы 11 891,8 шаршы метр болатын нысан енді әкімшілік ғимарытан айналған. 

Бұл ғимарат көп уақыттан бері бос тұр. Алматы облысының әкімі Индустриальная көшесі, 16/4 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратты жалға алады. Болашақта нысанды сатып алу жоспарда бар, - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер. 

Қазақстан бойынша Қонаев қаласы мен Бурабайда демалыс аумағында ғана казиноның заң бойынша жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Көктемде Мемлекет басшысының жолдауынан бірнеше облыс қайтадан құрылатыны белгілі болды. Осы ретте Қапшағай қаласының атауы Қонаев болып өзгеріп, Алматы облысының орталығы ретінде берілді. Маусым айында облыс орталығы Қонаевқа көшірілген соң әкімдікке бірнеше жүздеген қызметкер сиятын нысан керек болған. Осы ретте бос тұрған казино ғимараты аса маңызды нысан ретінде таңдалып отыр. 

казино Алматы облысы Қоғам Әкімшілік

Новости по теме