Новости Казахстана30 июня 2023, 21:06

Алматы облысындағы қамыс өртінің көлемі 30 гектарға дейін азайды

Алматы облысында жанып жатқан қамыс өртін сөндіру көлемі 30 гектарға дейін азайды, деп хабарлайды Arbat.media.

Төтенше жағдай қызметкерлері 30 маусымда сағат 11.00-дағы жағдай бойынша өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен Іле-Балқаш резерватынының аумағында орын алған өрт аумағын 30 га азайтуға қол жеткізген. 

Жану жетуі қиын батпақты жерлерде жекелеген аралшаларда орын алуда. Жылдар бойы өскен тереңдігі 1,5 метр қамыс қалдығы өртті сөндіруде қиындық туғызды. Өрт ошақтарына әуеден су ағызу құрылғысымен су төккен кейін де бықсуда. Осыған байланысты мотопомпалар мен шанц аспаптарын пайдалана отырып, солтүстік жағынан жерүсті тәсілімен, аралшаларға «Н-125 Қазавиаорманкүзеті» авиатехникасының көмегімен десанттарды лақтыру жолымен сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп жазылған Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Сонымен қатар, өрттің Бақанас орман шаруашылығы учаскелеріне өтуін болдырмау үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, елді мекендерге қауіп жоқ екені айтылды. 

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД және "Іле-Балқаш" МЖӘ» РММ, орман шаруашылығынан 80 адам мен 22 бірлік техника жұмылдырылған. 

 

Қамыс өрті Алматы облысы ТЖД

Новости по теме