Новости Казахстана23 июня 2023, 22:03

Алматы облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 11 африкалық азамат елдеріне қайтарылады

Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткені анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде "Мигрант" жедел алдын алу шарасын өткізу барысында ғимаратты жөндеу бойынша заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Нигерия елінің 9 және Камерун мемлекетінің 2 азаматы анықталды.

Елде болудың заңдылығын тексеру кезінде Африка елдерінен келген аталған шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, яғни болу құқығының мерзімі өткеніне (виза ) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында болғаны анықталды. Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді өңірдің ПД-нің мамандары. 

Нигерия Камерун Алматы облысы

Новости по теме