Placeholder
Новости Казахстана18 мая 2023, 20:33

Алматы облысында түрмеден қашқан әйел көп ұзамай қолға түсті

Алматы облысы Жауғашты ауылындағы түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші әйел қолға түсті, деп хабарлайды Arbat.media.

Осыдан бір апта уақыт бұрын тәртіп түзеу мекемесінен жазасын өтеп өтеп жатқан әйел адам қашып кеткен. 

Алматы облысында №10 мекемеде жазасын өтеп жүрген Г. есімді әйел 12 мамырда қашып шыққан. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында сотталушы мекеме аумағынан ұсталды. Бұл оқиға ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, Алматы облысы Іле ауданының полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылды, - деп хабарлайды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Болған оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

Кінәлі лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сай жауапкершілікке тартылады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деді аталған мекеменің қоғаммен байланыс қызметінің өкілдері. 

Алматы облысы Тәртіп түзеу Қоғам

Новости по теме