Placeholder
Новости Казахстана30 марта 2023, 21:12

Алматы облысында сегіз жастағы балаға жасөспірімдер жыныстық зорлық көрсеткен

Алматы облысында бастауыш сыныпта оқитын баласына жыныстық зорлық көрсеткенін айтып әйел адам полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Жантүршігерлік жағдай 23 наурыз Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылында болған. Сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын хабарлаған.

Арызданушының айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетінде, өз жастарынан әлдеқайда кіші баланы қорлаған көрінеді.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы - 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Бұдан өзге тиісті материалдар осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке анықтау туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілген. Басқа ақпараттар ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жасөспірім Зорлық Кәмелет полиция

Новости по теме