Новости Казахстана23 июня 2023, 18:55

Алматы облысында екі мектепті жөндеуге бөлінген қаржы қолды болды

 

Алматы облысында екі мектепті жөндеу барысында аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру мән-жайы бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Arbat.media

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2020 жылдың мамыр айында Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен "ПМК-7К" ЖШС арасында жалпы сомасы 855 миллион теңгелік "Сарыбастау" және "Қарағаш" ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге шарт жасалған көрінеді. 

Білім ордасындағы құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс компаниясының басшысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бөлігін орындамау, орындалған жұмыстардың актілерін жалған жасау арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқырғаны белгілі болып отыр. 

Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде ЖШС-тің есеп айырысу шотына 57,5 миллион теңге сомасында ақша қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды. 

Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты. Бұдан бөлек, сотталушымен мемлекетке келтірілген 57,5 миллион теңге сомасындағы залал толық өтелгелі белгілі болды. 

 

Алматы облысы Қаржы Мектеп

Новости по теме