Placeholder
Новости Казахстана6 апреля 2023, 13:36

Алматы облысында аурухана басып кірген төрт адам қамауға алынды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ауруханаға басып кірген төрт адамды полиция қамауға алды, деп хабарлайды Arbat.media.

21 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданының  Шелек ауылының ауруханасына 1986 жылғы А. есімді азамат дене жарақаттарымен хирургиялық бөлімге жеткізілген. Оқиға болған күні полиция СДТБТ - да ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркеуге алды.

Тергеу барысында зардап шеккен адам мен 1988 жылғы И. есімді азамат арасында Наурыз мерекесі өткен ауылдың шетінде ауызша жанжал туып , төбелеске ұласқан. Нәтижесінде А. есімді азаматқа дене жарақатын алған. 21 наурыз күні азамат А. емделіп жатқан медициналық мекемеге 1990, 1994, 1996 және 1997 жылғы төрт адамның заңсыз басып кірген әрекеттері бейнежазбаға түсірілген. Жоғарыда аталған адамдар ұсталып, қамауға алынды, деді ІІМ баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу органы істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Алматы облысы Қылмыс Аурухана полиция

Новости по теме